Медитация«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том — адамның өзінің ішкі әлеміне қалтқысыз үңілуін, барлық рухани назарын жан дүниесіне бағыттауын, сананың өзіндік мазмұнға терең батуын білдіретін ұғым. Медитация кезінде сананың күйі өзгереді, оған кәдімгі тәжірибеде кездеспейтін аян беру, көріпкелдік секілді өзгеше сезімдік күйлерді бастан кешіру тән. Медитацияның мақсаты — нирванаға жету, яғни бұл өмірдегі құмарлық пен талпыныстан арылу. Қазіргі қоғамда Медитациялар бұл өмірден толық кету үшін емес, психосоматикалық ауруларды емдеуде, ішкі рухани әлемді тазартып, қалыпты тепе-теңдікке келтіру мақсатында пайдаланылады. Медитацияның көптеген түрлері бар: отқа, дененің бір мүшесіне назарды шоғырландыру арқылы жасалатын медитация, ән айтып, би билеу арқылы жасалатын динамикалық медитация, тағыда басқа.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Релаксация Транс (психикалық күй) Цигун Йога Дзэн

Санат:Діни тәртіп пен тәжірибелер Санат:Рухани тәжірибе Санат:Медитация