Зонд бұғазы — Индонезиядағы Суматра мен Ява аралдарын бөліп тұрған бұғаз.
Ява теңізін Үнді мұхитымен жалғастырады. Бұғаздың ені оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 105 км-ден 22 км-ге дейін кішірейеді. Осы бағытта тереңдігі де 1000 м-ден 50 – 60 м-ге дейін азаяды. Фарватерінің ең саяз жері 28 м-дей. Бұғаз төрттік кезеңде жер қыртысының жарылу нәтижесінде пайда болған. Зонд бұғазы осы күнге дейін жанартаулар ықпалында. Бұғаз аралдарының бірінде Кракатау жанартауы орналасқан. Зонд бұғазы Үнді мұхитынан Индонезия теңіздері мен Тынық мұхитқа өтетін аса маңызды теңіз жолы болып саналады.
Тағы қараңыз Зонд аралдары
Санат:Индонезия бұғаздары Санат:Тынық мұхит бұғаздары Санат:Үнді мұхиты бұғаздары