Стюарт теоремасы – үшбұрыштың метрикалық қатынастары туралы теоремалардың бірі. Ол былайша тұжырымдалады: А, В, С – үшбұрыштың үш төбесі, ал D – берілген ВС қабырғасының кез келген нүктесі болса, онда мынадай қатыс орындалады:

AD2 *BC=AB2*CD+AC2*BD––BC*BD*CD.

Бұл теорема оны дәлелдеген ағылшын математигі М.Стюарттың (1717 – 1785) есімімен аталған. Теореманы Архимедтің (б.з.б. 3 ғ.) ашуы да мүмкін деген пікір бар. Стюарт теоремасы үшбұрыштардың медианасы мен биссектрисасын табу кезінде қолданылады.Қазақ энциклопедиясы Пайдаланған сілтемелер

Санат:Үшбұрыш геометриясы Санат:Евклидтік геометрия Санат:Геометрия теоремалары