Теңесбаев Қайырлы Данабекұлы (15.12.1953 ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Рославль ауылы) – тарих ғылымының докторы (2007). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері. ҚазМУ-ды (1982, қазіргі ҚазҰУ ) бітірген. Алматы облысында мектеп-интернатта меңгеруші (1990–91), Түркістан мемлекеттік университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, деканның орынбасары, декан (1991–2008) болды. 2008 жылдан ҚазҰПУ-да доцент қызметін атқарады. «Қазақстандағы әкімшілік территориялық реформалар тарихы (1946–1991 жж.)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 30-дан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.

Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер: Қазақ ұлттық университеті Қазақ ұлттық педогогикалық университеті

Санат:Тарих