Шілік () – талдар тұқымдасының тал туысына жататын аласа бұта. Қазақстанда Тобыл – Есіл атырабында, Солтүстік Қазақстанда, Ақтөбе облысында, Сарыарқаның батысында шымтезекті жерлерде, өзен алқабында, ылғалды шабындықтарда өседі. Биіктігі 1 м-ге дейін, шыбық тәрізді жіңішке бұтақты, жас бұтақтары түкті, бірнеше жылғы бұтақтары сарғылт қоңыр, түксіз болады. Жапырақтары қысқа сағақты, ұзындығы 2 – 8 см, ені 0,3 – 1 см, көк жапырақтарының екі беті де түкті болады. Гүлі ұсақ, өте көп, гүл сырғасы жапырағынан бұрын дамиды. Мамыр айында гүлдейді. Жергілікті жерде Шілікті отын ретінде пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы, 9 т.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Талдар тұқымдасы