Азаттық — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Рысқұлов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 2 км-дей жерде, Арыс, Жыланды өзендерінің суайрығындағы тауаралық аңғарда орналасқан. Азаттық ауылы ежелгі Ұлы Жібек жолының бойында, Түркібасы Ата төбесінің (биікт. 1008 м) маңында қоныстанған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен32833916 4515 115,3 1963 2237 114 1953 2278 116,6

Тарихы Іргесі 19 ғасырда қаланған. 1927 – 29 жылдары «Байналминал» артелі, 1951 жылдан «Азаттық» ұжымшары болып аталады. Оның негізінде сүт өндіретін шаруа қожалықтары, серіктестіктер және өнеркәсіптертер құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар.

Дереккөздер

Санат:Түлкібас ауданы елді мекендері