Ижтиһад (, ) — шариғи үкім шығарудағы ғалымның ізденіс қылып, еңбек етуі. Ижтиһад жасаудағы мужтаһидтің шарттары«әл-Усуль мин илм әл-усуль», Мұхаммед әл-Усәймин: Ижтиһадқа қажетті Құран, Сүннет және т.б. шариғат негіздерінен дәлелдерді білуі; Иснад, хадис тізбегіндегі адамдар секілді хадистердің сахих немесе әлсіздігіне байланысты үкімдерді білуі; Үкімі жойылған немесе ижмағқа қайшы нәрселермен үкім шығармау үшін насих пен мансухты (яғни үкімін жоюшы және үкімі жойылған аят пен хадистер) білуі, ижмағты білуі қажет; Дәлелдерден анықтаушы және жеке дәлелдерді айыра білуі; Тілден және фиқһ негіздерінен «жалпы және жеке» деген сияқты сөздікишараттардың мағынасын білуі; Дәлелдерден үкімдер шығаруға қабілеті болуы керек;

Дереккөздер

Санат:Ислам