Әбул-Қасим Амр ибн әл-Хусәйн ибн Абдуллаһ ибн Ахмад әл-Хирақи — ханбали мазһабының имамы, көрнекті фақиһ, Аллаһқа көп құлшылық еткен тақуа. Білімді өзінің әкесінен, Әбу Бәкр әл-Маруазидан, имам Ахмад ибн Ханбалдың ұлдары — Салих пен Абдуллаһтан алған. Одан Абдуллаһ ибн Батта, Әбул-Хусәйн әт-Тамими, Әбул-Хусәйн ибн Самғун секілді ханбали мазһабының ғалымдары білім алған. Ибн Қудаманың атақты «әл-Муғни» кітабы әл-Хирақидың «Матн әл-Хирақи» еңбегіне негізделген.
Бағдат қаласында жамандақ таралып, сахабалар мен сәләфтарды сөгу баталғанда әл-Хирақи өзінің тұрғылықты қаласынан Дамаскқа қоныс аударуға мәжбүр болады. Қазы Әбу Йағлә айтады: «Әл-Хирақидың таралмаған көптеген кітаптары мен мазһаб түсініктемелері болған. Оның себебі сахабаларды сөгу басталып, ол қаланы тастап кеткенде, оның кітаптары үйінде қалып қойған. Кейін оның үйі кітаптарымен бірге отқа оранып, жанып кеткен» Әл-Хирақи шәһидтер моласына жақын жерде, «Баб әс-сағир» қабірінде жерленген.«Матн әл-Хирақи» — «Сахаба әт-турас» баспа үйі, Сирия, Танта. 1993 жыл (бірінші басылым)
Тағы қараңыз Ханбали мазһабы
Дереккөздер
Санат:Ислам тұлғалары