Вячеслав Зарлықханұлы Досмұхаметов (27 сәуір 1978 жылы Черниговск ауылы,Агаповка ауданы, Челябі облысы, КСРО-да туған) - ресейлік продюссер және әзілқой, сценарист. Ұлты - қазақ.
Биографиясы 2001 жылы Вячеслав Досмұхаметов Челябілік мемлекеттік медицина академиясын, ал 2002 жылы госпитальдық терапия және отбасылық медицина кафедрасында интернатураны бітірген.
Оқу кезінде «Уездный город» (Челябі-Магнитогорсктің құрама командасы, КТК-нің жоғарғы лигасы), «Лица Уральской НАциональности»(Челябі,КТК жоғарғы лигасы) КТК командаларында ойнаған.
2004-2005 – Рен-ТВ арнасының тапқырлы продюсері. 2005-2008 – СТС арнасының тапқырлы продюсері, «Әкесінің қыздары және «6 кадр-дың» алғашқы бөлімдерінің ауторы. «Әкесінің қыздары» телехикаясы үшін бүкіл түсірілім тобымен бірге «ТЭФИ» Ресейлік ұлттық телевизиялық марапаттауды «Жылдың ең үздік ситкомы» жүлдегері болды. 2007- Семён Слепаковпен бірге телевизиялық өнім өндіретін 7 АРТ компаниясын ашты. 2007-2012- «Универ», «Интерндер», «Универ. Жаңа жатақхана» және «Универ. Саша + Таня» атты комедиялық сериалдардың ауторы мен продюсері. «Comedy Баттл»(жаңа маусым) шоуының әділ-қазы мүшесі. «Comedy Баттл», «Наша Russia»(5 маусым), «Comedy Woman» шоуларының продюсері. 2012- Comedy Clab production-ның тапқыр продюсері.
Жеке өмірі Мария Досмұхаметоваға үйленген. Тимур (18 маусым 2011 туған) есімді баласы бар.
Фильмографиясы Продюсер: 2008-2010- Универ 2009-2012- Comedy Woman 2012-2012- Интерндер 2011-2012- Универ. Жаңа жатақхана 2012- Наша Russia (5 маусым) 2012- Универ. Жаңа жатақхана 2012- Comedy Баттл (жаңа маусым)
Сценарист: 2005 — Сапалы хикая 2005 — Саяхатшылар 2005 — 2006 — Студенттер 2005 — 2008 — 6 кадр 2006 — 2007 — Алтын әке 2007 — 2008 — Әкесінің қыздары 2008 — Мен емдеймін 2009 — Наша Russia. Тағдыр жұмыртқалары
Санат:Ресей қазақтары