Николай Григорьевич Чунтонов [22.5.1925, Шымкент қаласы (кейбір деректерде Қазан қаласы) – 17.6.1977, Мәскеу] – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (10.1.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 10 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 19 января (№ 3 (263)). — С. 1).
Шымкент қаласында зауытта жұмыс істеген. Жаяу әскер училещесінде оқыған. Украинаны азат ету барысында көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін батыр атағына ұсынылған. Хабаровск артиллереялік училещесін бітірді (1945). 1955 ж. аға лейтенант Чунтонов запасқа шықты. Құрылыс институтын бітіріп, Мәскеу қаласының Ленин ауданында бас архитектор болып қызмет атқарды. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1925 жылы туғандар Санат:1977 жылы қайтыс болғандар