Әутәлиф Елтіренұлы Қалиев (15 қазан 1925, Қызылжұлдыз ауылы, Жарма ауданы, Семей облысы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 2 сәуір 2016, Өскемен) – Социалистік Еңбек Ері (20 мамыр, 1966), Ұлы Отан соғысы ардагері, металлург, ҚазКСР құрметті металлургі, ҚазКСР еңбек сіңірген тәлімгеріЕрлік - ұрпаққа мұра". Естелік кітап. Өскемен - 2010ж. ISBN 978-601-80088-4-0. 15 қазан 1925 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қызылжұлдыз ауылында туған.

Еңбек жолдары 1940 – 1943 жылдары «Қызыл Жұлдыз» колхозында еңбек етті. 1943 – 1950 жылдары Советтік Армия қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ленин атындағы Өскемен Ленин орденді қорғасын-мырыш комбинатының электролитты цехына жұмысқа түсіп, металлург болып жұмыс істеді. Сменалық жоспарын 110-112 % орындай отырып, 7 жылда жоспардан тыс 1500 т жоғары сапалы мырыш қорытты. Катодшы-электролизші мамандығына 62-ден астам жастардытәрбиелеп, өндіріске көптеген рационализаторлық ұсыныстар енгіздіҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.. 1952 жылдан КОКП мүшесі болды.

Жетістігі ҚазССР құрметті металлургі. ҚазССР еңбек сіңірген тәлімгері. 9-шы сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты (1971).

Наградалары 2 рет Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1966) Медальдар Мақтау қағаздары

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары