Шолпан Дәржанова 1980 жылы Алматы облысы Сарқан ауданы Қойлық ауылында туған"Қазақтың дәтүрлі 1000 әні", EL production company, Co.Ltd 2010. 2000-2002 жылдары Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде ұстаздық етті. Қазір «Гүлдер» ансамблінің әншісі.
Шығармашылығы
1997- 2000 жылдар аралығында Республикалық Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенті. 2000 - 2004 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының студенті. 2007-2009 жылдары осы аталған оқу орнының аспирантурасын тәмамдады. 1999 жылы II Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері; 2001 жылы I - Республикалық Кенен Әзірбаев атындағы әншілер байқауының бас жүлдегері; 2004 жылы II - Республикалық Ж. Елебеков атындағы әншілер байқауының лауреаты. Қазақтың дәстүрлі ән өнерін Жапония, АҚШ, Иордания, Корея т.б. шет елдерінде гастрольдік сапарларымен көрсетіп жүр. 2006 жылдан Гүлдер (ансамбль)нің әншісі. Алғашқы жеке концертін 2009 жылдың мамыр айында Алматы қаласында өткізді. Қазіргі таңда Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының аға оқытушысы.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар