Салима ЖұмабековаҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1980), күріш өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты. 1935 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылында туған.

Еңбек жолдары Еңбек жолын 1952 жылы Қармақшы ауданындағы Ленин атындағы совхозда бастаған. 1967-1973 - жылдары Дауылкөл ауылдық советінің председателі. 1974 жылдан Ленин атындағы совхозда күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті. Жыл сайын 20 га күріш егістігінің әр гектарынан орта есеппен 84-113 ц аралығында өнім жинады. 1965 жылдан КОКП мүшесі. 1982 жылы 20 га егістіктен 113,9 ц, 1983 жылы 80 га-дан 82 ц күріш алды. 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары 2 рет Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері(1980) "Ардақты ана" ордені Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері