Рафаэль Варан (фр. Raphaël Varane; 25 сәуір, 1993 жылТransfermarkt.com—2000, Лилль, Франция) — франциялық футболшы, қорғаушы. Орталық қорғаушының позициясында өнер көрсеткен. 2018 жылғы әлем чемпионы.
Мансабы Клубтық "Ланс" клубының түлегі. 2010/11 жылғы маусымда Франция чемпионатында 23 рет алаңға шықты.
2011 жылы жазда "Реал Мадрид" клубына ауысты, трансфері 10 млн долларды құрады. Келісім шарт мерзімі 6 жылға бір-ақ созылды. Маусым соңында Испания кубогын иеленді. 2011/12 жылғы маусымда Испания чемпионы атанды.
2011-21 жылдары испандық клуб сапында 236 кездесуде алаңға шықты. Төрт рет Чемпиондар лигасын ұтып алды.
2021 жылы 27 шілдеде "Манчестер Юнайтедке" ауысқаны жайлы ақпараттар тарадыhttps://www.manutd.com. Англиялық клуб 34 млн. фунтқа сатып алды.
Халықаралық Францияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. 2013 жылы 22 наурызда Грузияға қарсы ӘЧ-2014 іріктеуінде ұлттық құрама сапында тұңғыш рет алаңға шықты.
2014 жылғы әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесуде алаңға шықты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына жарақатының кесірінен бара алмадыhttps://www.bbc.com/sport/football/36375392. 2018 жылғы әлем чемпионатында жеті кездесудің бәрінде алаңға шығып, әлем чемпионы атанды. Ширек финалда Уругвай қақпасына бір гол соқты.
Жетістіктері
Командалық
Реал Мадрид
Испания чемпионы (3): 2011/12, 2016/17, 2019/20 Испания кубогы: 2013/14 Испания суперкубогы (3): 2012, 2017, 2019/20 Чемпиондар лигасы (4): 2013/14, 2015/16, 2016/17, 2017/18 УЕФА Суперкубогы (3): 2014, 2016, 2017 Клубтар әлем чемпионаты (4): 2014, 2016, 2017, 2018
Манчестер Юнайтед Англия кубогы: 2023/24 Лига кубогы: 2022/23
Франция
Әлем чемпионы: 2018 УЕФА Ұлттары кубогы: 2020/21 Әлем чемпионатының Вице-чемпионы: 2022
Жеке
Әлем чемпионатының символикалық құрамы: 2018
Дереккөздер
Сілтемелер
https://www.thefinalball.com/player.php?id=163525
Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Ланс ФК ойыншылары Санат:Комо ФК ойыншылары