Цимшиандар (Ts’msyan) — Америкадағы үндіс халқы. АҚШ (Аляска), Канада (Скина өз-нің батыс жағалауы) елдерінде тұрады. Жалпы саны 3,3 мың адам (2006). Антропологиялық жағынан үлкен моңғол нәсілінің америкалық тобына жатады.

Тілі Пенути шоғырындағы цимшиан тілінде сөйлейді.

Діні Дәстүрлі наным-сенімдері өте сирек сақталған. Цимшиандар — протестанттар (англикандар, пресвитериандар, методистер және т.б.).

Тарихы Цимшиандардың байланысқа дейінгі халқы 8000–14500 адамды құрады. Еуропалықтармен байланыс — XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында басталды.

1850-80 жылдары цимшиандар арасында протестанттық миссионерлер белсенділік танытты. 1862 жылы Метлакатлда англикандық уағыздаушы В.Дуглас құрған христиандық Цимшиан қауымы 1887 жылы 830-ға жуық адаммен Аляскаға қоныс аударып, Александр архипелагындағы Аннет аралында Метлакатла деген жаңа елді мекеннің негізін қалады. 1876 жылдан бастап цимшиан аумағында балық консервілеу зауыттары пайда болды. XIX ғасырдың екінші жартысында цимшианның дәстүрлі қоныстану орындары шағын резервацияларға бөлінді. ХІХ ғасырдың аяғында цимшиан саны 3,5 мың адамға дейін қысқарды, ХХ ғасырда оның өсуі басталды.

Кәсібі Цимшиандар 18 — 19 ғ-ларда балық аулаумен және аңшылықпен айналысқан. Олардың арасында қолөнер (тоқымашылық, қайық жасау, ағаштан бұйымдар түю, т.б.) жақсы дамыған. Мысты суық өңдеуді және тоқуды жақсы білген.

Тұрмыс салты нобай|оңға|200px|Цимшиан ауылындағы тақтай үй Цимшиандарда 4 экзогамдық тотемдік матрилинальды фратриялар (птек немесе птекх) құрады: Қарға, Бүркіт, Қасқыр, Касатка (кит). Әрбір фратрияның жұп тотемдері болды (мысалы, Бүркіт фратриясында - бүркіт пен құндыз), олар ру мен жеке эмблемаларға негіз болды. Негізгі әлеуметтік бірлік матрилиндік ру болды. Рудың мүлкін мұрагерлік жолмен сайланған көсем басқарды. Әрбір елді мекенде әдетте бірнеше шаруашылықтар болды.

Олар ылғалды климатқа төтеп беру үшін балқарағай бағаналары мен панельдерден жасалған үлкен ұзын үйлерде өмір сүрді. Олар өте үлкен болды және әдетте үлкен отбасын орналастыра алды.

Солтүстік-батыс жағалаудағы барлық халықтар сияқты, цимшиандар да мол теңіз өміріне, әсіресе лосось балығына сүйенді, лосось олардың диетасының негізгі бөлігі болып қала береді. Осы мол азық-түлік көзінің арқасында цимшиандар тұрақты қалаларды дамытты.

Дереккөздер

Санат: Солтүстік Америка үндістері Санат:Канада этникалық топтары