Бауыржан Исламхан (Тараз, 1993 жылы 23 ақпанда туған) — қазақстандық футболшы, «Тұран» клубы мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. Қазақстанның 6 дүркін вице-чемпионы және Ел Кубогының 4 дүркін иегері.
Мансабы
Клубтық
Исламхан Тараз футбол академиясының тәрбиеленушісі. "Тараз" футбол клубы үшін алғашқы ойынын 2011 жылдың 6 наурызында, Қазақстан премьер лигасы аясында Ертіске қарсы ойында өткізді. Сол ойыннан бері ол клубтың негізгі ойыншыларының біріне атанды. Келесі маусымда 19 жасар Исламхан команда капитаны болып сайланады. 2012 жылдың маусымында 22 ойында 4 гол соғып Қазақстан Футбол Федерациясы жаттықтырушыларының дауыс беру қорытындысы бойынша «Жылдың ең үздік жас ойыншысы» атанады.
2013 жылы өзінің туылған күнінде "Кубань Краснодар" футбол клубымен үш жылдық келісім шартқа қол қояды. Ол 2013 жылы 25 ақпан күні «Торпедо Армавир» футбол клубына қарсы ойында дебютін жасады. Ресей Премьер Лигасында бірде-бір ойын өткізбеген Исламхан, жартыжыл бойы Кубаньның екінші командасы үшін өнер көрсетеді.
2014 жыл 11 ақпан «Кубань Краснодар» мен «Қайрат» арасында келіссөдер жүргізіліп, Исламхан Қайратпен үш жылдық келісім шартқа қол қояды. 2016 жылы тамыз айының соңына қарай "Астана" футбол клубынан, «Қайратпен» келісім шарт уақыты аяқталғаннан кейін «Астана» футбол клубына қосылу туралы ұсыныс келіп түседі. Бірақ футболшы ондай ұсыныстан бас тартты.
2020 жылы қаңтар айында "Қайраттан" кетті. Осы кезде "Зениттен" ұсыныс түсті де, клубтың бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Алайда клубпен келісім шарт жасасқан жоқ, 21 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Айн" клубына ауысты.
2020 жылғы маусымның соңында допинг пайдаланды деп айыпталып, АФК оны екі жылға футболдан шеттетті.Бауыржан Исламхан официально дисквалифицирован на два года за допинг. 2023 жылдың ақпаныңда "Ордабасымен" келісім шартқа отырды. 2023 жылдың 4 наурызында "Ордабасының" "Каспийға" қарсы ойыныңда дебютын жасады. Тура сол матчта ол жаңа клубы үшін алғашқы голын салды.
Ұлттық құрама Қазақстанның бірнеше жастағы жастар құрамаларында ойнады.
2012 жылы ақпанда Литваға қарсы жолдастық кездесуде Ұлттық құрама жейдесін тұңғыш рет киді. 2014 жылы 5 қыркүйекте Қырғызстанмен өткен жолдастық кездесуде тұңғыш голын соқты. Бір жылдан соң Тәжікстанмен жолдастық кездесуде екінші голын енгізді.
2016 жылы 4 қыркүйекте 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Польшаға қарсы ойында тұңғыш рет капитан ретінде алаңға шықты. 2017 жылы 10 маусымда осы іріктеудегі Даниямен ойында қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.
2019 жылы 11 маусымда Сан-Марино қақпасына құрама сапындағы үшінші голын соқты.
Жетістіктері
Клубтық
Қайрат
Қазақстанның вице-чемпионы (5) : 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 Қазақстанның қола жүлдегері: 2014 Қазақстан кубогы (4) : 2014, 2015, 2017, 2018 Қазақстан суперкубогы (2) : 2016, 2017«Ордабасы» Қазақстан чемпионы: 2023 Жеке
Жыл жаңа есімі: 2011 Қазақстанның үздік жартылай қорғаушысы: 2015, 2016, 2017 Қазақстанның үздік футболшысы: 2014, 2016 Ордабасы''' Қазақстан чемпионы: 2023
Дереккөздер
Сілтемелер
Статистикасы
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Кубань ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Әл-Айн ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Тұран Түркістан ФК ойыншылары