Ұлытау түймешетені () – астралылар тұқымдасының түймешетендер тегіне жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары қауырсынды тілімденген. Маусымда гүлдеп, шілдеде жеміс жарады. Ұлытау түймешетені - тек Ұлытау адырлары мен тасты тау шатқалдарында өсетін эндемдік түр. Қорғауды қажет етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдік.

Санат:Күрделігүлділер Санат:Қазақстан флорасы