Лоуренс Лессиг (; 3 маусым 1961) — америкалық заңгер-ғалым және саяси белсенді. Ол Гарвард заң мектебінің Рой Л. Фурман атындағы заң профессоры және Гарвард университетінің Эдмонд Ж. Сафра атындағы Этика орталығының бұрынғы директоры. Сондай-ақ, ол «Creative Commons» және «Equal Citizens» ұйымдарының негізін қалаушы. Лессиг 2016 АҚШ президенті сайлауында Демократиялық партиядан үміткер ретінде бағын сынады, бірақ праймериз басталғанға дейін өз кандидатурасын алып тастады.

Лессиг ең алдымен авторлық құқық заңнамасын, әсіресе оның Интернетте қолданылуын өзгерту жолындағы күресімен танымал. Ол — Creative Commons ұйымының негізін қалаушы және еркін ақпарат қозғалысының басты идеологы. Оның «Еркін мәдениет» (Free Culture) атты кітабы осы қозғалыс идеологиясының маңызды негізі болып табылады.

Дереккөздер

Санат:Creative Commons Санат:Йель университеті түлектері Санат:Пенсильвания университеті түлектері Санат:Уортон бизнес мектебі түлектері Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Стэнфорд университеті оқытушылары Санат:Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2016) Санат:АҚШ Демократиялық партиясының мүшелері Санат:АҚШ адвокаттары Санат:АҚШ блогерлері