Жұмагүл Қошуаққызы СәуірбаеваҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2- том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1979), мақта өсіруші. 24 наурыз 1945 жылы Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Ильичёв ауданы, Киров ауылында туған.

Еңбек жолдары Еңбек жолын 1962 жылы "Қызыл Жұлдыз" колхозында тракторшы болып бастаған. 1965 жылдан КОКП мүшесі. 1967-1970 жылдары Жетісай ауданының " Жетісай" совхозында тракторшы. 1970 жылдан осы совхоздың комплексті мақташылар бригадасының бригадирі. 1971 жылы артта қалған бригадаға жетекшілік етіп, оны алдыңғы қатарға шығарды. Ол басқарған бригада егілген мақта алқабының әр га-нан 50 ц-ден шиітті мақта жинап, тұрақты жоғары көрсеткіштерге жетті. 1983 жылы мақта алқабының әр га-нан 58 ц-ден өнім алған.

Жетістігі Ауыл шаруашылығының озаты. 10 - сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Марапаттары 2 рет Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені "Құрмет Белгісі" ордені Социалистік Еңбек Ері (1979) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері