Ғизатулла Хаймолдаұлы Халидуллин (30 қараша 1947 жылы туған, Атырау облысы Балықшы ауданы) – тарих ғылымдарының докторы (2003), профессор (2007). Қазақстан Республикасының Қоғамдық ғылымдар академиясының толық мүшесі (1994).
Өмірбаяны Гурьев педагогика институтын (1970, қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) бітірген. тарих, археология және этнология институтының аспирантурасын (1985) бітірген. Қазақ КСР-і ғылым академиясының тарих, археология және этнология институтында бөлім меңгерушісі (1978–1993) Қазақ мемлекеттік заң академиясында доцент, деканның орынбасары, проректор (1994–1998) Қазақ академиялық университетінде проректор (1998–2004) қызметтерін атқарды. 2004 жылдан ҚазҰПУ-да профессор, кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері
«Қазақ шаруаларына қатысты кеңес үкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты 1917–1940 жж.» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:30 қарашада туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Балықшы ауданында туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары