Таңшолпан — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының 1992 жылдан бері шығатын таңғы ақпараттық-көңілашар бағдарламасы.

Түпнұсқа хабар эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 07:00-10:00 аралығында.

Тарихы Бағдарлама алғаш рет 1992 жылы 14 желтоқсанда дүйсенбі күні, сағат 7:00-9:00 аралығында эфирге шықты. Ал­ғашқы хабарды Иманбай Жұбай және Лаура Юсупжанова жүргізді. Бағдарламаны «Таңшолпан» деп атау Шерхан Мұртазаның идеясы. Бастапқыда бағдарламаны жай ғана таңғы бағдарлама деп атаған. Бағдарлама бекітілген соң, Шерхан Мұртаза «Таңшолпан» деп атады. Әрі бұл жазушы кейіпкерінің есімі болатын. Сөйтіп, Шерхан Мұртаза батасын беріп, Иманбай Жұбаев қостап эфирге шығарды.

Бағдарламаның ал­ғашқы тобында бас редак­тор­дың орынбасары Бақберген Табылдиев, бөлім меңгерушісі Се­рік Есенов, бас режиссер Нұрлан Жұманиязов, режиссер Асыл Қап­тағаева, редакторлар – мар­құм Кенжебай Жармұхамбетов, Ғалия Әженова, Азамат Қа­лым­бетов, Мұхтар Түменбаев, Дархан Наушабаев, Қуат Борашев, Базархан Айтмағамбетов, Әмір­ол­ла Саримов, Гүлмария Көп­тілеуова, Құдайберген Қазыбаев, Махамбет Сәрсенбиев, Ғазиз Тас­­таев, Балжан Баялиева жұмыс істеді. Бағдарлама эфирге шығу барысында өзінің тарихында атауын бірнеше мәрте өзгертті.

Бағдарлама ұжымы

Логотиптері

Айдарлары Қызықты мәлімет Қазақ жері Ырғақ Ауа райы Баспасөзге шолу Мультфильмдер

Қызықты мәліметтер Бағдарлама ең алғаш ашылған уақыттарда «Зейнеп апайды тың­дасақ…» атты арнайы айдарды жазушы Зейнеп Ахметова, «Заң мен заман» жобасын Мақсұт Нәрікбаев басқарған. 2012 жылдың қараша айының 23-де Студенттер сарайында «Таңшолпан» бағдарламасының 20 жылдығы аталып өтілді. 2012 жылдан бастап «Таңшолпан» бағдарламасы өз көрсетілімін Астанадағы «ҚазМедиа» орталығынан таратып көрсете бастады. Соған орай бағдарламаның дизайны да өзгерді. «Таңшолпан» бағдарламасы өз кезегінде неше түрлі байқаулар ұйымдастырып отырады. Мысалы, «Ең жас батыр ана» байқауы, «Парасатқа құштарлық» байқауы. «Таңшолпан» бағдарламасы тікелей эфирде өтеді. «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды. 2 маусым 2014 жылдан бастап «Таңшолпан» ақпаратты-сазды  бағдарламасы жаңа студияда, жаңаша бағытта шыға бастады.

Викториналық ойын Футболдан 2014 жылғы Әлем чемпионатына орай ұйымдастырылған викториналық сұрақтар ойнатылды.

Сыртқы сілтемелер Ресми сайты Ресми парақшасы Бағдарлама төлқұжаты Бағдарлама ұжымы Бағдарлама мекен-жайы «Таңшолпан» - Астанада! «Таңшолпан» бағдарламасында өзгеріс болды

«Қазақстан» РТРК» АҚ ресми веб-порталы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ресми веб-сайты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының онлайн көрсетілімі «KAZsport» телеарнасының ресми веб-сайты «KAZsport» телеарнасының онлайн көрсетілімі «Балапан» телеарнасының ресми веб-сайты «Балапан» телеарнасының онлайн көрсетілімі Қазақстан-Көкшетау Қазақстан-Ақтөбе Қазақстан-Атырау Қазақстан-Өскемен Қазақстан-Тараз Қазақстан-Орал Қазақстан-Қарағанды Қазақстан-Қостанай Қазақстан-Қызылорда Қазақстан-Ақтау Қазақстан-Павлодар Қазақстан-Петропавл Қазақстан-Алматы Қазақстан-Семей Қазақстан-Шымкент Қазақ радиосының ресми веб-сайты «Шалқар» радиосының ресми веб-сайты «Астана» радиосының ресми веб-сайты «Classic» радиосының ресми веб-сайты

Дереккөздер

Санат:Қазақстан телеарнасы бағдарламалары Санат:Таңғы телебағдарламалар