thumb|right|CCTV-дің ескі штаб-пәтері Қытай Орталық телевизиясы ( , қысқаша CCTV; ( Пиньинь:Zhōngguó Zhōngyāng Diànshìtái) — Қытайдың материктік бөлігіндегі негізгі телетаратушы. Қазіргі уақытта, CCTV-де 22 арна бар, күніне 24 сағат хабар таратады. Азұлт өкілдері тұратын аумақтардағы (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Ішкі Моңғолия, Тибет автономиялық ауданы және басқалар) жергілікті телеарналар CCTV жаңалықтарын бір сағат уақыт мөлшерінде өз тілдеріне аударып таратады.

Тарихы Телеарна 1958 жылы 2 қыркүйекте Пекин телевидениесі деген атпен құрылды, соңынан 1958 жылдың 1 мамырынан бастап эксперимент ретінде хабар тарата бастады. 1978 жылың 1 мамырында атауы CCTV болып өзгертілді. 2008 жылы жаңа CCTV Штаб-пәтері ашылды ( Рема Колхас жобасы бойынша салынды). thumb|right|CCTV-дің телевизиялық мұнарасы

Жүргізушілері CCTV-3 телеарнасының жүргізушілері (Өнер және ойын-сауық): Ли Юон (ойын-сауықтық New Year's Gala шоу және шоу бағдарламасының жүргізушісі) Чжу Джун Чжоу Тао Бай Янсон — жаңалықтар жүргізушісі

Арнаның ағылшын тіліндегі бағдарламаларының жүргізушілері: Инь Чень — Culture Express Марк Эдвардс — Жиһангерлік Мишель Лин — Travelogue, Center Stage Эдвин Махер — CCTV жаңалықтары Марк «Дашан» Роузвелл — Communicate in Chinese Вимбай Кажес — CCTV жаңалықтары Йонас Глибарт — Sports Scene

Арналары

CCTV арналары нөмірлік ретпен жүйеленген, мысалы, CCTV-1, CCTV-2, және с.с, арна хабарлары Еуропа және бүкіл дүние жүзіне таратылады.

Барлық арналары таратуы ашық. Төменде арналар тізімі атауымен келтірілген: CCTV-1 Негізгі CCTV-2 Қаржылық (бұрын 2009 жылдың 24 тамызына дейін Экономика және өмір) CCTV-3 Өнер және ойын-сауық CCTV-4 Халықаралық (қытайша) CCTV-5 Спорт CCTV-6 Кино CCTV-7 Әскети / Ауылшаруашылықтық CCTV-8 Телесериалдар CCTV-9 Халықаралық (ағылшын тілінде) CCTV-10 Ғылым және білім CCTV-11 Қытай операсы CCTV-12 Заң CCTV-Хабарлар (CCTV-新闻) — Жаңалықтар CCTV-Балалар (CCTV-少儿) — Балалар CCTV-Музыкалық (CCTV-音乐) — Музыкалық CCTV-E Халықаралық (испанша) CCTV-F Халықаралық (французсша) CCTV-العربية Халықаралық (арабша) CCTV-Русский Халықаралық (орысша) 2009 жылдың 10 қыркүйекте ашылған CCTV-HD — жоғары дәлдікті CCTV-Español: испан тіліндегі халықаралық арна. CCTV-Français: француз тіліндегі халықаралық арна. CCTV-3D: 3D арна.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

kazakh.cntv.cn/ CCTV арнасы ресми сайтының қазақша нұсқасы (араб шрифт) CCTV тікелей эфирі CCTV ресми сайты russian.cctv.com CCTV арнасының орысша тікелей эфирі english.cctv.com Қытай Орталық телевидениесінің мұнарасы CCTV Ident CCTV Live Site CCTV Official Site CCTV-News CCTV-E CCTV-F CCTV-Arabic CCTV-Pусский CCTV News Channel Site CTV Golden Bridge

Санат:Қытай телекомпаниялары