Левин Владимир ПетровичҚазақ ССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1981), механизатор, ауыл шаруашылығы озаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979), ҚазССР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері (1974). 17 сәуір 1934 жылы Украинада, Запорожье облысы, Михайлов ауданы, Александргейн селосында туған.

Еңбек жолы 1945-1957 жылдары - Қостанай облысы, Фёдоров ауданының "Федоров" совхозында жұмысшы, тракторшы, комбайншы. 1957-1960 жылдары - Қостанай облысы, Пресногорьков ауданының "Петропавл" совхозында тракторшы-комбайншы. 1960 жылдан Қостанай облысы, Фёдоров ауданындағы КСРО-ның 60 жылдығы атындағы совхозда комбайншылар звеносын басқарды. 10-шы бесжылдықта ол басқарған звено 179358 ц астық бастырған. 1965 жылдан КПСС мүшесі.

Жетістігі ҚазССР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері (1974). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979).

Наградалары 3 рет Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1981) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері