Совет Шпекбайұлы ЖақсыбековҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1966), шопан, ауыл шаруашылығы озаты. 10 шілде 1931 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Таскескен ауданы (қазіргі Үржар ауданы), Қаракөл ауылында туған.

Еңбегі мен жетістігі 1958 жылдан КОКП мүшесі. Семей облысы, Таскескен ауданындағы Ә.Абжанов атындағы совхозда шопан болып істеді. 1964 жылы әр саулықтан 151 қозы, ал 1973 жылы әр саулықтан 153 қозы алып, әр қойдан 6 кг-нан жүн қырықып, ауыл шаруашылығына мол табыс әкелді. Ауыл шаруашылығының озаты. 9-шы сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары 2 рет Ленин ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1966) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері