Kaznetmedia — интернет-сайттар, сервистер, корпоративтік жобалар және мобильдік телефондарға арналған қосымшалар жасаумен, олардың жұмыстарын жүргізумен айналысатын қазақстандық компания. Компания сонымен бірге e-commerce, SEO, SMM, контекстік жарнама сияқты интернет-маркетинг қызметтерін көрсетеді.

Тарихы Kaznetmedia компаниясы 2009 жылы Данияр Сүгірәлиновтың бастамасымен құрылған. Ал 2011 жылы компания "Эксперт РА Казахстан"Ірі компаниялардың тізімі , рейтингілік агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстанның ақпараттық және коммуникациялық технологиялар нарығында жұмыс істейтін ірі компаниялардың тізіміне кірді. Бүгінгі таңда Астана, Алматы, Семей және Павлодар қалаларында өз өкілдіктері бар компания қазақстандық IT-нарықтағы маңызды ойыншылардың біріне айналып отыр. Компания Brandspotter мониторинг сервисінің Қазақстандағы арнаулы өкілі болып табылады. Kaznetmedia бірнеше рет Award.KZ Ұлттық Интернет сыйлығының лауреаты атанды.

Көрсететін қызметтер Веб-сайттар жасау Мобильдік қосымшалар жасау Ақпараттық жүйелер аудиті SMM және SEO–оңтайландыру Сәулет дизайны қызметтері Brandspotter сервисінің көмегімен мониторинг жүргізу

Марапаттар «Award.kz 2012» Ұлттық Интернет сыйлығы– «Үздік веб-студия» Award.kz 2012 жеңімпаздары , «Award.kz 2012» Ұлттық Интернет сыйлығы – «Мәдениет және өнер» аталымы бойынша І орын. «Proza.kz» әдеби сервисі үшін «Award.kz 2011» Ұлттық Интернет сыйлығы – «Мәдениет және өнер» аталымы бойынша І орын. «Proza.kz» әдеби сервисі үшінAward.kz 2011 жеңімпаздары , «Award.kz 2011» Ұлттық Интернет сыйлығы – «Үздік веб-студия» аталымы бойынша І орын «Award.kz 2011» Ұлттық Интернет сыйлығы – «Дербес парақшалар, танысу және пікір алмасу» аталымы бойынша І орын. «Horde.kz» қазақстандық блог-платформасы үшін «Award.kz 2010» Ұлттық Интернет сыйлығы – Мәдениет және өнер» аталымы бойынша І орын. «Proza.kz» әдеби сервисі үшінAward.kz 2010 жеңімпаздары , «Award.kz 2010» Ұлттық Интернет сыйлығы – Жылдың жаңалығы. «Proza.kz» әдеби сервисі

Ірі жобалар Horde.me Блог-платформасы Проза.kz әдеби порталы «Қазақтелеком» компаниясының ресми сайты «Самұрық-Қазына» компаниясының ресми сайты Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми сайты Group-global коммуникациялық алаңы

Ескертпелер

Сілтемелер Компанияның ресми сайты Horde.me Proza.kz «Қазақтелеком» АҚ сайты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сайты