Кан Де ХанҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1957 жыл), ауыл шаруашылығының озаты. 1912 жылы Ресейдің Приморье өлкесі, Надеждин ауданы, Речное селосында туған.
Еңбек жолы 1939 жылдан КОКП мүшесі. Қазақстанға 1942 жылы келген. 1944-1976 жылдары Целиноград облысы (қазіргі Ақмола облысы), Шортанды ауданына қарасты "Қазақстанның 18 жылдығы" атындағы колхозды басқарды. Колхозды жоғары рентабельді үлгілі шаруашылыққа айналдырып, экономикалық жағынан дамытуға көп еңбек сіңірді.
Жетістігі 7-ші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды. ауыл шаруашылығының озаты. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новокубанка ауылының бір көшесі Кан Де Хан есімімен аталады. Кан Де Хан туралы "Имя в памяти потомков..." атты деректі фильм түсірілген.
Наградалары 2 мәрте Ленин ордені Октябрь революциясы ордені Социалистік Еңбек Ері (1957) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары