ІІ Елизабет (), толық аты-жөні — Елизабет Александра Мария (;Her Magesty The Queen: The Queen’s Early Life 21 сәуір 1926 жыл, Лондон – 8 қыркүйек 2022 жыл, Балморал қамалы, Шотландия) — 1952 жылдан 2022 жылға дейінгі Ұлыбритания патшайымы. 70 жыл және 214 күн билік еткен II Елизабет ел тарихындағы ең ұзақ билік еткен монарх және әлем тарихындағы ең ұзақ билік құрған әйел монарх болды.
Патшайым II Елизабет Виндзор әулетінен шыққан болатын. Таққа 1952 жылғы 6 ақпанда, яғни 25 жасында, әкесі VI Джорджтың өлімінен кейін отырды. Таққа отырғанда II Елизабет 32 тәуелсіз мемлекеттің патшайымы болған және өмірінің соңына қарай бұл сан 11 ел болып азайды, Ұлттар достастығының төрайымы және Англия шіркеуінің басшысы, Ұлыбританияның қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қызметін атқарды.
Елизабет ханшайымның басқару кезеңінде Британия монархиясы үшін көптеген тарихи оқиғалар орын алды: Британ империясының ыдырап, Ұлттар достастығының құрылғандығын айқындайтын деколонизация үрдісі жүрді.
Балалық және жастық шағы
оңға|thumb|Лилибет ханшайым «Тайм» журналының мұқабасында. 29 ақпан, 1929 ж.|150px Йорк герцогі — Альберт ханзаданың (келешек VI Джордж король, 1895—1952 жж.) және леди Елизабет Боуз-Лайонның (1900—2002 жж.) үлкен қыздары. Оның ата-әжесі: әкесі жағынан — король V Джордж (1865—1936 жж.) және Мария патшайым, Тек ханшайымы (1867—1953 жж.); анасы жағынан — Клод Джордж Боуз-Лайон, Стратмор графы (1855—1944 жж.) және Сесилия Нина Боуз-Лайон (1883—1938 жж.).
Елизабет ханшайым Александра Мария Лондонның Мейфэр ауданында, Брютон-стриттегі № 17-үйде, яғни Стратмор графының резиденциясында дүниеге келген. Қазіргі таңда аудан қайта тұрғызылғандықтан, үйді бұзған, алайда оның орнында мемориалдық тақта қойылған.Брэдфорд С. II Елизабет. Мәртебелі патшайымның өмірбаяны. — Вагриус-Захаров-Мәскеу, 1998. Өзінің атын анасының (Елизабет), апасының (Мария) және арғы әжесінің (Александра) құрметіне алған.
Әкесі алғашқы қыздарының есімін герцогиния құрметіне Виктория деп атамақ болады, алайда соңында ол ойларынан қайтады. Ол туралы V Джордж өзі былай деген екен:
.
Елизабеттің шоқындару жорасы 25 мамыр күні Букингем сарайының шіркеушесінде өтті.
1930 жылы Елизабет патшайымның жалғыз сіңілісі — Маргарет ханшайым дүниеге келді.
Елизабет негізінен гуманитарлық бағытта білім алды — конституция тарихын, құқықтану, дінтану, өнертану негіздерін оқып, ешкімнің көмегінсіз француз тілін меңгерді. Жастық шағынан бастап Елизабет аттарға қызығып, салтпен жүруді үйренді. Бұл қызығушылықпен патшайым онжылдық бойы айналысуда.Her Majesty The Queen: Education
солға|нобай|Ханшайым Елизабет 1933 жылы
Туған күнінен бастап Елизабет ханшайым Йорктің герцогиниясы атанып, ағасы - Эдуард Уэльс ханзадасы (келешек Ұлыбритания королі — VIII Эдуард) мен әкесінен кейін үшінші мұрагер болды. Эдуард ханзада айтарлықтай жас, әрі жанұя құрып, балалы болуға тиіс болғандықтан, бастапқы кезде Елизабет таққа отыратын үміткер ретінде қарастырылмады. Алайда 1936 жылы V Джорджтың қайтыс болуына байланысты он бір айдан кейін тақтан бастартуға мәжбүр болды. Патша тағына Альберт (VI Джордж) отырды, ал 10 жастағы Елизабет тақ мұрагері атанып, ата-анасымен Кенсингтоннан Букингем сарайына көшіп келеді.
Дегенмен, Елизабет ханшайым «heir presumptive» («болжалды мұрагер») ретінде қарастырылды, себебі VI Джорджтың баласы туған жағдайда, хан тағына бірден-бір үміткер сол болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Елизабет 13 жаста еді. 1940 жылдың 13 қазанында ол алғаш рет радиодан соғыс апатынан зардап шеккен балалар алдында сөз сөйлейді.Children’s Hour | Princess Elizabeth BBC, (1940 жылдың 13 қазаны) 1943 жылы гвардиялық гренадерлардың полкімен кездесу жүргізгенде алғаш рет жамағат алдында көрінеді. 1944 жылы Елизабет бес «мемлекеттік кеңесшінің» (король ісін атқаруға құқығы бар адамдар) бірі болады.Queen Elizabeth II Serves As A Mechanic During World War 2 II Елизабет Правда.Ру, (21 сәуір 2006)
1947 жылы Елизабет ата-анасын Оңтүстік Африкаға шығарып салады даHer Majesty The Queen: Marriage and family 21 жасқа толу мейрамында радиодан өзінің өмірін Британ монархиясы үшін арнайтындығын айқын ашып көрсетті.
Тура сол жылы 21 жастағы Елизабет 26 жастағы британ флотының офицері, грек және даттық корольдік жанұядан шыққан, сондай-ақ Виктория патшайымның шөпшегі (шөбереден туған бала), Филипп Маунтбеттенге, тұрмысқа шығады. Олар 1934 жылы танысады да, араларындағы тығыз қарым-қатынас Елизабеттің 1939 жылдары Филипп оқыған Дартмуттегі әскери-теңіз колледжіне баруымен жалғасады. Ханшайымның жұбайы атанған — Филипп ханзада "Эдинбург герцогі" деген атаққа ие болады.
Үйлену тойынан соң, яғни бір жылдан кейін 1948 жылы Елизабет мен Филипптің тұңғышы, Чарльз ханзада (қазіргі III Чарльз), дүниеге келеді. Ал 1950 жылдың 15 тамызында қыздары, Анна ханшайым, дүние есігін ашады.
Ұлыбритания патшайымы
Тәж кигізу рәсімі және басқаруын бастауы нобай|солға|II Елизабет 1953 жылы тәж кигізу жорасынан кейін Елизабеттің әкесі — VI Джордж патша 1952 жылдың 6 ақпанында дүниеден өтеді. Сол күні Елизабет жұбайымен Кениядағы демалыста болғанына қарамастан, оны Ұлыбритания патшайымы деп жариялайды. Әкесінің өлімі күні патшайым алып фикус ағашының үстінде орналасқан «Tree Tops Hotel» атты мейманханада болған. Тура сол кезде мейманханада тұрып жатқан Эдуард Джеймс Корбетт өзінің тіркелу кітапшасында былай деп жазып, қалдырып кеткен екен:
II Елизабет патшайымның тәж кигізу рәсімі 1953 жылдың 2 маусымында Вестмин аббаттығында болды.II Елизабет XX ғасырда не істеп үлгерді Британ монархының бұл тәж кигізу рәсімі алғаш рет телевидениеден тікелей трансляция түрінде көрсеткен.«Белгісіз патшайым»: II Елизабеттің Гагаринмен бірге таңғы асы және неге Ельцин патшайымды шешіндіргісі келді Комсомольская правда в Украине, (01 маусым 2012)
Осыдан кейін жаңа патшайым 1953—1954 жж. аралығында Достастыққа мүше елдерге, британдық отарларға және әлемнің басқа да елдеріне алты айлық іс сапар жасап қайтады. II Елизабет Аустралия мен Жаңа Зеландияда болып қайтқан алғашқы монарх болды.
1950 жж. екінші жартысы — 1990 жж. басы Премьер-министр — сэр Энтони Иденнің 1957 жылы қызметтен кеткеннен кейін, Консеравторлар партиясында лидерді таңдауда еш бір ереженің болмауына байланысты II Елизабет жаңа премьер-министрді консерваторлардың арасынан таңдауға тиісті болды. Партияның көрнекі өкілі және экс-премьер-министр — Уинстон Черчилльмен ақылдаса отырып, үкімет басшысы болып Гарольд Макмиллан тағайындалды.
Тура осы жылы Елизабет алғаш рет іс-сапармен Америка Құрама Штаттарына және Канада патшайымы ретінде Канадаға барады.Her Majesty The Queen: Commonwealth visits since 1952 Сондай-ақ осы жылы алғаш рет БҰҰ Бас ассамблеясының сиссиясына қатысып, сөз сөйлейді.Queen Elizabeth II makes first U.N. speech since 1957 CNN, (07 шілде 2010) Канадалық үкіметтің сессиясының ашылу салтанатына қатысты. Өз саяхатын 1961 жылы жалғастырды, ол кезде патшайым Кипр, Ватикан, Үндістан, Пәкістан, Непал, Иран, сондай-ақ Гана елдеріне барды.Her Majesty The Queen: Outward State visits since 1952 нобай|оңға|II Елизабеттің 1960 жылы Достастыққа мүше елдердің басшыларымен кездесуі. 1960 жылы патшайымның екінші ұлы — Эндрю, ал 1964 жылы үшінші ұлы — Эдуард ханзада дүниеге келеді.
1963 жылы премьер-министр — Макмилланның қызметінен кетуіне байланысты, Елизабет патшайым өзімен ақылдаса отырып Александр Дуглас-Хьюм премьер қылып тағайындады.Her Majesty The Queen: Public life 1962—1971
Нәтижесінде бірде-бір партия толық дауыс жинай алмаған парламент сайлауынан кейін 1974 жылы елбасына саяси дағдарыс төне бастады. Парламенттің ең ірі партиясы — Консерваторлар партисы болғанымен, премьер-министр болып лейбористтердің лидері — Гарольд Вильсон тағайындалды.
1976 жылы II Елизабет салтанатты түрде (Канада патшайымы ретінде) Монреалдағы Жазғы XXI Олимпиадалық ойындардың ашылу салтанатын өзі ашты.Жиырма бірінші Олимпиадалық ойындар (Монреаль, Канада) 1976 ж.
1977 жыл патшайым үшін елеулі жыл болды. Бұл жылы Елизаветы II патшайымның британ тағында 25 жыл отырғандығы тойланды. Достастық елдерінде патшайымның құрметіне көптеген салтанатты іс-шаралар өткізілді.Her Majesty The Queen: The Queen’s Silver Jubilee, 1977
1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басында патшайымның жанұясына бір қатар қастандықтар жасалынды. Оның ішінде, атап айтқанда: «Уақытша Ирландия республикалық әскерлерінің» террористері 1979 жылы Филипп ханзаданың ағасы, беделді мемлекеттік қайраткер және әскербасы — лорд Луис Маунтбеттеннің өлтірілуі. Ал 1981 жылы патшайымның «ресми туған күніне» арналған әскери шеруде II Елизабет патшайымға сәтсіз қастандық жасалынды.
1981 жылы кейінірек корольдық жанұяның үлкен проблемасына айналатын Елизабет патшайымның ұлы Чарльз ханзада мен Диана ханшайымныңУэльстік ханшайым Диана. Өмірбаяны РИА Новости, (31 тамыз 2012) үйлену тойы болды.
нобай|оңға|II Елизабет Рональд Рейганмен Виндзор сарайының қасында серуендеуде (1982) Осы кезде 1982 жылы Канада конституциясында біршама өзгертулер еңгізілгендіктен, британ парламенті канадалық істерде өз үстемдігін жоғалтады, алайда британдық патшайым Канада мемлекетінің басшысы болып қала берді. Тура осы жылы соңғы 450 жыл елге келмеген рим папасы — II Иоанн Павел Ұлыбританияға сапармен келді (англикан шіркеуінің басшысы болып табылатын патшайым оны жеке өзі қарсы алды).
нобай|Түркия президенті Абдулла Гюль және II Елизабет патшайым. Лондон. 2010 жыл. нобай|II Елизабет және Обама ерлі-зайыптылары. нобай|Р. Рейган және патшайым өздерінің өмірлік жолдастарымен бірге
1990 жж. басы — 2000 жж. thumb|II Елизабет 1992 жыл ІІ Елизабеттің айтуынша «сұмдық (масқара) жыл» болды. Төрт баласының екеуі — ханзада Эндрю мен Анна ханшайым — жолдастарымен ажырасып, ал Чарльз ханзада Диана ханшайыммен ажырасты. Сонымен қатар, Виндзор сарайы өрттен қатты зақымданды, патшайымға табыс салығын төлеу міндеттелінді.Елизаветы II
1996 жылы патшайымның талабымен, Чарльз ханзада мен Диана ханшайымның ресми ажырасуына қол қойылды. Бір жылдан кейін, 1997 жылы, Диана ханшайым Парижде көлік қақтығысына ұшырап, қайтыс болады. Бұл жайт патшайым жанұясымен қатар миллиондаған британдықтарды күйзеліске ұшыратты.
Бұрынғы келінінің өліміне сабырлық танытып, ешқандай реакция көрсетпеген патшайымның қылығы жайлы халық арасында әңгіме тарай бастады.Келін кегі, (09 қыркүйек 1997) нобай|солға|Патшайымның Алтын мейрейтойы (2002) 2002 жылы Елизабет патшайымның тақта отырғанының 50 жылдығына (Алтын мерейтой) орай салтанатты іс-шаралар өткізілді. Бірақ тура сол жылы патшайымның сіңлісі — Маргарет ханшайым.Маргарет ханшайымның өлімі және анасы — Елизабет Боуз-Лайон қайтыс болдыПатшайым-ана (31 наурыз 2002)
Қазіргі заман 2010 жылы екінші рет БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. БҰҰ Бас хатшысы Пан Гим Мун Елизабетны меңзей отырып, патшайымды «біздің дәуіріміздің зәкірі» деп атады. нобай|оңға|Патшайым мен Филипп ханзада Уильям ханзада мен Кэйт Миддлтонның үйлену тойында қатысуы (2011) 2011 жылы тәуелсіз Ирландияға британдық монархтың тарихта алғаш рет мемлекетік сапармен барып қайтты.II Елизабет Ирландияда NEWSRu, (17 мамыр 2011) Тура осы жылы Уильям ханзада мен Кэйт Миддлтонның үйлену тойы болып өтті.Уильям ханзада мен Кэйт Миддлтонның үйлену тойы, (29 сәуір 2011)
2012 жылы Лононда XXX жазғы Олимпиада ойындары болды. Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына II Елизабет өзі қатысып ашты,2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылуы Pixanews, (28 шілде 2012) сондай-ақ таққа отыру ретін өзгертетін жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша мұрагер-ер адам әйел алдындағы басымдылықтан айырылды.Британия таққа отыру ретін өзгертті Euromag, (17 желтоқсан 2012)
Тура осы жылы Ұлыбританияда және басқа да елдерде Елизабеттің таққа отыруының 60 жылдық (гауһар) мерейтойы салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік іс-шаралардың шарықтау шегі — 2012 жылдың 3-4 маусым күндеріндегі демалыс болды:II Елизабет гауһар мерейтойы 3 маусым күні Темза өзенінде су үсті шеруі өтіп, шеруге мыңнан астам кемелер мен қайықтар қатысты. Бұл жайт тарихта ең ауқымды сулы шеру болып қалды;