«Qazsport» — Қазақстанның 2013 жылы ашылған тұңғыш мемлекеттік спорттық телеарнасы. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы құрамына кіреді.
«Qazsport» хабар таратудың 96 пайызын құрайтын ірі халықаралық спорттық іс-шаралардың тікелей трансляциясымен қатар Қазақстан чемпионаттарын көрсетеді. Комментаторлар қазақ және орыс тілдерінде пікір жазатын белгілі қазақстандық спорт журналистері. Телеарна сонымен қатар өз бағдарламалар кестесінде жаңалықтарды, жеке өндірістер мен спорттық деректі фильмдерді көрсетеді.
Тарихы Телеарна 2013 жылғы 1 шілдеде ашылды. Ашылу рәсімі Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» өтті. Спорт арнасы «Мәдениет», «Балапан» және 14 аймақтық телеарналар топтасқан «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. «QAZsport» телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 96 пайызы тікелей таратылады. Олардың негізгісі — Қазақстанда кеңінен таралған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелер. Спорт шаралары туралы телекөрсетілімдерді белгілі қазақстандық спорт журналистері қазақ және орыс тілдерінде комментарий мен сараптама жасай отырып жүргізеді. Бағдарламалар кестесіне телекөрсетілімдер, жаңалықтар, төл бағдарламалар мен спорттық деректі кино енеді.
Логотиптері
Бағдарламалары «СПОРТты ТАҢда» таңғы спорттық, ақпараттық, танымдық, ойын-сауық бағдарламасы «SPORT REVIEW» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасыБағдарламалар кестесі
Директорлары Есей Жеңісұлы (2013) Диас Ахметшәріп (2013–2014) Павел Цыбулин (2015–2020) Нағи Бақытбеков (2020 жылдан бері)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
«Qazsport» арнасы Интернет мұрағатында: (2013-2018 жылдары)}
Санат:Қазақ тілді телеарналар Санат:Спорттық телеарналар Санат:Қазақстан мемлекеттік телеарналары