Төрекелді — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Төрекелді каналының бойында орналасқан ауыл, Жаңатұрмыс ауылдық округі құрамында.

Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде.

Тарихы Алғаш 1950 жылы ауылда жібек құртын өсірген (шелкопряд) шаруашылық болған. Сондықтан да ауыл "Шелкотрест" деп аталған. Ауыл Шымкент облысына қарасты болған. 1990 жылдары жібек құртын өсіру өндірісі тоқтатылды. 1997 жылы ауылға Төрекелді (Төрегелді) атауы берілген. Байзақ датқаның үлкен ұлы Төрекелдінің есімімен қойылған.

Ауыл маңы Осы ауылда "Араб төбе" деген төбе бар. Араб деген адам үлкен молда болған. Әр түрлі ауруларды емдеген. Кеңес уақытында 50-ші жылдары қуғанға үшырап, күндіз осы төбенің түбіне тығылып, түнде ауылға келіп, тамақтанып кетіп отырған. Сталин өлгеннен кейінгі уақытта Арабты қуғындау тоқтатылған. Осыдан бұл төбе "Араб төбе" деп аталып кетеді.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18494 59 62,8 51 31 60,8 43 28 65,1

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданы елді мекендері