Үлкен Жезді – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Жезді өзенінің оң саласы. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 1610 км2.
Бастауы Ұлытаудың оңтүстігіндегі бұлақтардан басталып, Қарабұлақ елді мекені тұсында Жезді өзенінің сағасынан 91 км жерде Бала Жезді өзенімен қосылып, Жезді өзенін құрайды.
Гидрологиясы Аңғарының ені 2 — 3 км, жағасы тік жарлы. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. Жазда иірімдерге, қарасуларға бөлініп қалады. Негізгі салалары: Күнкүйген, Үлкенсай, Қарабұлақ, Сағымсай, Нарсай. Орташа жылдық су ағымы Қарабұлақ ауылының тұсында 0,81 м3/с. Суы ауданның түрлі шаруашылық қажеттеріне, халықты сумен қамтамасыз етуге, мал және жер суаруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы