Жамбыл — Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44 км-дей жерде, Жайықтың Көшім тармағы бойындағы Дөңгелек бөгені жағалауындағы жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды-қоңыр топырақты, құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 675 адам (338 ер адам және 337 әйел адам) болса, 2009 жылы 309 адамды (155 ер адам және 154 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 234 адамды (121 ер адам және 113 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1973 жылы Жамбыл атындағы асыл тұқымды жылқы өсіру кеңшары негізінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жамбылда және оған қарасты Бітік, Үштөбе, Бұлан, Дөңгелек ауылдарында 13 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы 1 орта, 2 орталау және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, 4 кітапхана бар. Дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік-акушерлік пункттер халық денсаулығына қызмет етеді. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Ауыл көшелері Абдулов көшесі Бостандық көшесі Жағалау көшесі Жамбыл көшесі Желтоқсан көшесі Қазақстан көшесі Тәуелсіздік көшесі

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы елді мекендері