Жасөркен — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде. Жағасы ну тоғайлы, жайылымды Талас өзенінің жағасында жатыр. Ауылдың 1928 жылға дейін "Шолақ діңгек" аталуы - таудан аққан сулар жар бетін талдың кесілген діңгегіне ұқсатып шайғандықтан, жер бедеріне байланысты Шолақ діңгек ауылдық кеңесі болып құрылып, құрамына қазіргі Жасөркен және Қызылқайнар ауылдары кірген.
1927 жылы облыстан келген уәкіл Т.Тәжібаев - "өсіп келе жатқан ауыл екен, аты Жасөркен болсын" деп қойған екен.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1202 1765 146,8 592 928 156,8 610 837 137,2
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері