«Жұлдызды жол» () — танымал ғылыми фантастикалық медиафраншиза. Алты телевизиялық сериалдан, 12 толықметражды фильмнен, жүздеген кітаптар мен әңгімелер желісінен, компьютерлік ойындардан тұрады.The Two Sides of ‘Star Trek’ By DAVE ITZKOFF Published: мамыр 9, 2009 Киноэпопея желісі бойынша көптеген фан-арт жасалған."Жұлдызды жол" америкалық бұқаралық мәдениетке үлкен әсер етті және жаңа субмәдениет тудырды.
1966 жылы 8 қыркүйекте шыққан "Жұлдызды жол" және "Жұлдызды жол: Түпнұсқалық сериалар" идеяларының авторы Джин Родденберри. Қазіргі уақытта франшиза CBS және Paramount иелігінде. Ең бірінші сериалар, кейін "Түпнұсқалық сериалар" деп аталған, 1966 жылы NBC-де басталып, үш маусымға созылды. Оқиға желісінде Джейс Т.Кирк және Энтерпрайз кемесі экипажының бастан кешкені баяндалады. Жұлдыздар арасында ұшатын зерттеу кемесі "Ғаламшарлардың Біріккен Федерациясына" тиесілі.
Тарихы Басталуы thumb|Star Trek-ті ойлап тапқан, продюсер және жазушы Джин Родденберри|200x200 нүкте 1964 жылы Джин Родденберри Star Trek аталуы керек ғылыми-фантастикалық сериал идеясын дайындайды. Star Trek-тегі оқиғалардың негізгі желісі Жұлдызды флотта қызмет ететін адамдар мен өзге ғаламшарлықтар аясында өрбиді.
Телевизиялық сериалдар Star Trek негізінде 6 телевизиялық сериал шығарылған: Түпнұсқалық сериалар (The Original Series), Анимациялық сериалар (The Animated Series), Келесі ұрпақ (The Next Generation), Терең космос (Deep Space Nine), Вояджер (Voyager), Энтерпрайз (Enterprise), Discovery, Picard, Lower Decks, Prodigy, Strange New Worlds және Starfleet Academy. Бүкіл сериалдар 900 эпизод.
Түпнұсқалық сериалар (1966–69)
Жұлдызды жол: Түпнұсқалық сериалар немесе "TOS" классикалық "Жұлдызды жол" ретінде қарастырылады. Сериал ең алғаш 8 қыркүйек 1966 жылы АҚШ-та NBC арнасында көрсетілді. Анимациялық сериалар (1973–74)
Жұлдызды жол: анимациялық сериалдар екі сезоны 1973 және 1974 жылдары көрсетілген. Анимациялық кейіпкерлерді "Түпнұсқалық сериалардағы" актерлер дыбыстаған.
Тағы қараңыз
Memory Alpha: Star Trek уикиі
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Memory Alpha: Star Trek wiki
Санат:Ғылыми-фантастикалық фильмдер Санат:Star Trek Санат:Медиа франшизалар