Сауранбаев ХатиҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жетісуда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1898 жылы бұрынғы Жетісу облысы (қазіргі Жамбыл облысы), Ескішу болысы, 3 - ауылда (қазіргі Белбасар) туған.
Еңбек жолы Бала кезінде жалшы болып, бай малын баққан. 1929 жылдан бастап "Белбасар" ауыл шаруашылығы артелінің мүшесі болған. 1933-1958 жылдары осы колхоздың председателі болды. Колхоз қант қызылшасынан рекордты өнім алып, Алтын кітапқа енген. Ұлы Отан соғысы кезінде колхоз жақсы көрсеткіштері және майданға азық-түлік, киім-кешек жібергендері үшін КСРО Қорғаныс Министрлігінен алғыс алып, Үлкен советтік энциклопедияға енгізіледі. 1947 жылы колхоз мал өсіруді жоспардан тыс орындайды: ат басын - 104,2, ірі қара мал - 103, қой-ешкі - 112,2, түйе - 109 пайыз, 1397 ц астық өткізеді.
Наградалары Ленин ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері