Орда–Ежен ұлысы — Жошының үлкен ұлының ұпағы — Орда-Еженнің басшылығындағы, Алтын Орданың (Жожы ұлысы) шығыс (сол) қанаты. Қазақстандық деректер бойынша атауы: Ақ Орда, ежелгіорыс деректері бойынша: Көк орда. Бір сөзбен айтқанда автономиялы мемлекет. В 1309 жылы, Орда-Ежен ұлысы Сасы Бұға тұсында Ақ орда деп аталды. 1361 жылдан бастап, Ұрыс ханның тұсында тәуелсіз мемлекет болды.
Шибанның өлімінен кейін, 1280 жылы Орда-Ежен ұлысына Шибан ұлысы қосылды.
Ұлыс шекарасы Ұлыс шекарасы батысында Мұғалжар тауымен, солтүстігінде сібір ормандарымен, шығысында Ертіс өзенімен және оңтүстігінде Сырдария өзенімен және Балқаш көлімен шектесіп жатты. Шибан ұлысымен қосылғаннан кейін батысында Орал өзенімен тоғысты.
Ұлыс аудандарға бөлінген: Сығанақ ауданы, ұлыстың оңтүстігінде. Орталық — Сығанақ. Ұлытау ауданы, ұлыстың орталығында. Орталық — Орда-Базар. Шығыс ауданы (Ертіс ауданы) ұлыстың шығысында орналасқан. Сарайшық ауданы ұлыстың батысында орналасқан. Орталық — Сарайшық.
Ұлыс тарихы Ұлыс тарихын 3 кезеңге бөлуге болады: 1-кезең — Орда-Ежен ұлысы 2-кезең — Ақ Орда 3-кезең — Барақ хан және оның ізбасарлары
1-кезең Ақ Орда – XІІІ-XVғғ. аралығында өмір сүрген Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан территориясындағы этникалық топтар мен халықтардың саяси жағынан топтасуына жол ашқан, саяси жағынан дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз, сыртқы саясатта өзіндік даму бағыты бар мемлекеттік бірлестік. Оның тарихы Жошы ұлысының құрылуынан бастау алады. Мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Жошының үлкен ұлы, тұңғышы Орда-Ежен аталады. Шын мәнінде, Жошы ұлысының жерін оның екінші ұлы Бату(шын есімі Сайын) иеленеді. Бірақ ағасына құрмет ретінде оған өзінің сол қанатынан, Жайықтан шығысқа қарай, Арал мен Сырдарияның солтүстігіндегі, Алтай мен Ертістен батысқа қарай жатқан кең-байтақ аумақты бөліп береді. Негізгі этникалық құрамы осы жерді VIII-IХ ғ-дан бері мекендеп келе жатқан қыпшақ бірлестігі мен қатар Шыңғыс ханның шапқыншылығы кезінде шығыс пен оңтүстік-шығыстан, Алтайдан қоныс аударған тайпалар да болған. Олардың қатарында наймандар, үйсіндер, қарлұқтар, керейлер, қоңыраттар, маңғыттар және т.б. ру-тайпалар.
2-кезең
3-кезең Орда-Ежен ұлысының хандары
Орда Ежен хан, Жошы хан ұлы 1242—1251 Күнқыран хан, Орда-Ежен хан ұлы 1251—1288, Шибан 1280—1288 ұлысының ханы Қоныша хан, Сартақтай оғлан ұлы, Орда-Ежен хан немересі 1288—1302 Баян хан, Қоныша хан ұлы 1302—1309 Сасы Бұға, Баян хан ұлы 1309—1320 Ерзен-хан, Сасы Бұға-хан ұлы 1320—1337 Мүбәрәк Қажы-хан, Ерзен-хан ұлы 1337—1341 Шымтай-хан, Ерзен-хан ұлы 1344—1361 Ұрыс-хан, Шымтай-хан ұлы 1361—1377, Алтын Орда ханы 1374—1375 Тоқтақия-хан, Ұрыс-хан ұлы 1377 Темір Мәлік хан, Ұрыс-хан ұлы 1378—1379 Тоқтамыс, Түй-Қожа оғлан ұлы 1379—1395 Қойыршақ, Ұрыс-хан ұлы 1395—1410 Барақ-хан, Қойыршақ хан ұлы 1410—1428, Алтын Орда ханы 1423—1428