— қағаздан жасалған модель, көбінесе (бірақ барлық кезде емес) бірдей пирамидалық модульдердің шеттерін бірге тігу (қосу) арқылы жасалады және дайын жұмыс шар түрінде болады. Тағы бір нұсқасы ретінде жеке бөліктер бір-бірімен жапсырылуы мүмкін. Ежелгі Жапонияда кусудамалар емдік шөптердің жиынтығы үшін, сонымен бірге хош иісті тарату үшін пайдаланылған.

Тарихы

Кусудама өнері ежелгі жапон дәстүрінен тарайды. Бұл сөз екі жапон сөзінен құралады: кусури (дәрі) және тама (шар). Қазіргі кезде кусудамаларды безендіру үшін қолданады немесе сыйлық ретінде ұсынады.

Кусудама оригамидің маңызды бөлігі болып табылады. Оны көбінесе модульді оригамимен шатастырады, бірақ бұл дұрыс емес, өйткені кусудаманың бөліктері бір-бірімен тігіледі немесе жапсырылады, ал модульді оригамиде оның бөліктері бір-біріне қиыстырылып салынады.

Қазіргі кезде танымал оригами шеберлері, мысалы, Томоко Фусэ, кусудаманың жаңа конструкцияларын құрастырды, яғни олар кесуді, қиюды, жапсыруды, тігуді қолданбай жасалады.

Кусудама шеберлері

Томоко Фусэ

Тағы қараңыз Оригами

Әдебиет Fuse, Tomoko Unit Origami: Multidimensional Transformation. Japan Publications. 1990 isbn = 978-0870408526 Fuse, Tomoko Floral Origami Globes. Japan Publications. 2007 isbn = 978-4889962130 Fuse, Tomoko Kusudama Origami. Japan Publications. 2002 . isbn = 978-4889960877 Yamaguchi, Makoto. Kusudama: Ball Origami. Japan Publications. 1990 . isbn = 978-0870408632

Сыртқы сілтемелер

Kusudama me! (страница Ekaterina Lukasheva)