Медведев Анисим МатвеевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1895 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Андреев ауданы, Осиповка селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1917-1920 жылдары партизан отрядына кіріп, ақгвардия атаманы Анненковтың әскеріне қарсы күресіп Черкасскіні қорғады. 1921 жылы большевиктер партиясына өтіп, революциялық комитеттің председателі болған ол, алғашқы ауылшаруашылық коммуналардың белсенді ұйымдастырушылардың бірі болады. 1925 жылы Талдықорған облысы, Андреев ауданы, "Веселый труд" колхозы ауылдық Советінің председателі, кейіннен сол колхоздың председателі болады. 1926 жылы КОКП қатарына өтеді. 1932-1938 жылдары Андреев ауыл шаруашылық банкінің бастығы болып қызмет істейді. 1938 жылдан "Победа" колхозының председателі болады. Колхоздың егістік алқабы мен өнімі жылдан жылға өсіп отырды. 1947 жылы колхоз өкіметке бидайдың 53 гектар жерінің әр гектарынан 31.39 центнерден өнім тапсырады.
Наградалары Еңбек Қызыл Ту ордені Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері