Пак Гым СенГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1925 жылы Ресейде, Приморье өлкесі, Посьетск ауданы, Хакфондо селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1938 жылы Қазақстанға қоныс аударады. 1942 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, МОПР ауылшаруашылық артеліне жаздық бидай өсіру жұмысына кіреді. 1944 жылы егіншілер бригадасының звеношысы етіп тағайындалады: 1946 жылы оның бригадасы 100 гектар жердің әр гектарынан межеленген 9 центнердің орнына 15 центнерден өнім алады; 1947 жылы13 гектар мол түсімді егістік алқабының әр гектарынан 30,6 центнер, ал басқа 87 гектар жердің әр гектарынан жоспарланған 9 центнердің орнына 18 центнерден астық жинап, жоспарды асыра орындайды.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1945) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері