Филев Григорий Игнатович (1908-1971)Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Павлодар облысы, Лозов ауданы (қазіргі Успен ауданы), Петров атындағы колхоздың тракторшылар бригадасының бригадирі. 1908 жылы Украинада, Екатеринослав губерниясы (қазіргі Днепропетровск облысы), Днепровск уъезі, Комиссаровка селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1914 жылы анасымен бірге Қазақстанға, Павлодар облысы, Лозов ауданы (қазіргі Успен ауданы), Придорожный селосына қоныс аударады. Бала кезінде байларда жалшы болады, кейіннен жол құрылысында істейді, бірнеше жыл Қызыл Армия қатарында қызмет атқарып, бөлімше командирі болады. 1936 жылы Армиядан оралған соң 17-ші Партъсезд атындағы колхозға кіріп жұмыс істейді. 1937 жылы 3 айлық тракторшылар курсын бітіріп, 4 жыл тракторшы болып еңбек етеді. 1941 жылы тракторшылар бригдасының бригадирі болып тағайындалады. 1947 жылы оның бригадасы межеленген 1742 гектардың орнына 2804 гектар жер өңдеп тракторлық жұмыстар көлемін 161%-ке орындайды, колхоз бидайдың 152 гектар жерінің әр гектарынан 22,1 центнерден өнім алады.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері