Евгений Витальевич Никульчев (1975 ж.т.) — техника ғылымдарының докторы (2006), профессор (2011), «ВТУ» Мәскеу технологиялық институты Жоғары Кәсіби Білімдік Мемлекеттік Емес Білім Беру Мекемесінің (НОУ ВПО) ғылыми жұмыстар бойынша проректоры. Никульчев Евгений Витальевич

Ғұмырнама 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік аспап жасау және информатика академиясын «Ақпаратты Өңдеудің және Басқарудың Автоматты Жүйелері (АСОИиУ)» мамандығы бойынша тәмамдады; Кандидаттық диссертациясын 2000 жылы, докторлық жұмысын 2006 жылы жүйелік талдау саласында қорғады; 1994—2006 жылдары Мәскеу мемлекеттік аспап жасау және информатика университетінде жұмыс істеді; 2006—2011 жылдары Мәскеу Баспа университетінің білім берудегі жаңа технологиялар және ақпараттандыру жөніндегі проректоры, қолданбалы математика және жүйелерді модельдеу кафедрасының меңгерушісі болды; 2011—2012 жылдары Ресей Қаржы министрлігінің Бүкілресейлік Мемлекеттік Салық Академиясының (ВГНА) ақпараттандыру жөніндегі проректоры болды; 2013 жылдан бастап «ВТУ» Мәскеу технологиялық институтының Жоғары Кәсіптік Білімдік Мемлекеттік Емес Білім Беру Мекемесінің (НОУ ВПО) ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры болып табылады;

Ғылыми нәтижелері Жүйелік талдау, басқару теориясының әдістерін іс жүзінде пайдалану саласындағы жұмыстардың авторы. Аса маңызды нәтижелері: сызықтық емес жүйелердің сапалы теориясының, дифференциалдық теңдеулердің геометриялық теориясының пайдаланылуы негізінде, эволюциялық теңдеулердің құрылымын анықтауға мүмкіндік беретін эксперименттік деректердің негізінде сызықтық емес динамикалық жүйелерді модельдеу әдісі; интервалдық талдау тапсырмаларын шешу үшін, инженерлік қызмет тәжірибесінде пайдалануға бағытталған ықтималдық-статистикалық әдістер ұсынылды, соның ішінде, тұрлаусыздық жағдайларында шешімдерді қабылдауды қолдаудың ақпараттық жүйелерін салу мақсатында; жаңа ақпараттық технологиялармен және заманауи математикалық әдістермен техникалық нысанның сапалық қасиеттерін анықтаудың негізінде басқару жүйелерін сәйкестендіру әдістемесі; математикалық басқару теориясын және динамикалық-күрделі басқарылатын жүйелерді құрастыру әдістерін пайдаланатын телекоммуникациялық жүйелерді салудың жаңа қағидаты; бағдарламалық және техникалық жаңартпалардың оперативті түрде енгізілуіне және масштабталуына бағытталған, ірі ықпалданған ақпараттық жүйелерді жобалаудың және басқарудың жүйелік әдісі.

Сілтемелер cnews сұхбаты Ресей ғалымдары энциклопедиясында Е. В. Никульчев. MATLAВ ортасында басқару теориясы бойынша жаттықтыру сабағы Е. В. Никульчев Қайта жаңғыртылған аттракторлардың симметриялары негізінде динамикалық жүйелерді сәйкестендіру Nikulchev E. Geometric Method of Reconstructing Evolution Equations from Experimental Data