Байдешова СейдегүлГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Свердлов ауданы, "Кеңес-1" колхозының звеношысы (1939). 1913 жылы Жамбыл облысы, Лугов ауданында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы "Кеңес-1" колхозына колхозшы болып кіреді. 1939 жылы қызылшашылар тобының звеношысы болып тағайындалады. 1945 жылы қант қызылшасынан мол өнім алады. Осы еңбегі үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. 1947 жылы 7,25 гектар қант қызылшасының алқабының әр гектарынан 503 центнерден, сонымен қатар 2 гектар жердің әр гектарынан 841 центнерден өнім жинайды.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері