Жаңажол (1993 ж. дейін — МокринскоеОб упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан) — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде, Қараөзеннің сол жағалауында, бастауына таман бетеге, көде, боз аралас әр түрлі шөптесін өскен шалғынды қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1260 адам (637 ер адам және 623 әйел адам) болса, 2009 жылы 1202 адамды (595 ер адам және 607 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 824 адамды (410 ер адам және 414 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1930 жылы мұнда Жаңажол ұжымшары ұйымдасты. Оның негізінде кейін "Айдархан" кеңшары құрылды. Қазіргі уақытта кеңшар тарап, 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестері жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік пункт бар. Төңірегіндег Ақкөл көлінен балық ауланады. Еділбайсор көшесінің ортасында минералды бұлақ бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Жаңақала ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері