Корреспонденцияның бұл түрі суреттеу стилімен жазылады.Мұндағы негізгі мақсат-болған оқиғаны,құбылсы оқырманға көркем тілмен жеткізу.Суреттеме корреспонденцияда ойдан шығару(вымысел),ойдан қосу дегендер болмайды.Корреспонденцияның бұл түрінде кейіпкер элементтері ғана болады.Суреттеме корреспонденция күрделі мәселені шешуді міндет етіп қоймайды. Суреттеме корреспонденция көбінесе адамдардың еңбек табыстарын,қажырлы еңбектің жемісін көркем тілмен баяндап береді.Күрделі бір мәселе көтеруді,оның төңірегінде пікір туғызуды суреттеме коррепонденция мақсат етпейді.Суреттеме корреспонденцияда көбінесе өміріміздің жағымды жақтары қамтылады.Сондықтан мұнда болған кемшіліктерге талдау жасау,себептерін анықтау,оны жоюдың жолдарын көрсету жағына назар аударылмайды. Мысалы суреттеме корреспонденцияға "Дала қарлығашы" деген суреттемені алсақ; "Басында түлкі құлақшыны бар,үстінде шолақ қара тон киген жас шапан әдемі қара жорғасын шалқайта басып,ат маңдайын үй сыртындағы бір теен шөпке тіреді.Қанжығасына ілген тағауызын ұстап,бір қолымен ат жалын қамти жерге ырғып түсті де,атының е-тоқымын алмастан ,алдына бір айыр шөп тастады. М.И.Калиннің корреспонденцияда "адамның психологиялық рухани көңіл күйі......көрсетілсе"деген талабы бұл суреттеме корреспонденцияға жақсы іске асқан.Сөйтіп,суреттеме корреспонденция көбінесе еңбекке сән берген адам ,адамға абырой әперетін еңбек жайлы тартымды тілмен нанамды суреттеп береді.