Иван Иванович НосовскийГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. — Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Киров атындағы МТС-ның тракторшылар бригадасы (1940). 1916 жылы Ресейде, Жаңасібір облысы, Черепановск ауданы, Щадрин селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы тракторшылар курсын бітіріп, Черепанов колохозында тракторшы болып істейді. 1932-1940 жылыдары Қызыл Армия қатарында болады. 1940 жылы Қазақстанға келген соң Талдықорған облысы, Киров ауданы, "Первое Мая" колхозының тракторшылар бригадасының бригадирі болып тағайындалады. 1945 жылы оның бригадасы тракторлық жұмыстарды — 122%, 1946 жылы — 167% орындайды. Мұндай көрсеткіш колхозға жақсы өнім алуға ықпал етеді: өңделген 76 гектар қант қызылшасы алқабының әр гектарынан 408,8 центнерден, 52 гектардан 341 центнерден, ал 315 гектар астық дәнді дақыл алқабының әр гектарынан 16,2 центнерден дән жиналаған.
Марапаттары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік еңбек ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері