Пішенбаева ШолпанГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Алматы облысы, Іле ауданы, Фрунзе атындағы колхоздың звеношысы (1942). 1897 жылы Алматы облысы, Іле ауданында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы Фрунзе колхозы құрылғанда Пішенбаевтар отбасы алғашқылардың бірі болып колхозға еніп, қызылша өсіреді. 1932-1942 жылдары темекі өсірушілер тобының звеношысы болады. 1942 жылы оның бригадасы қызылша өсіруге ауыстырылады. Көп күш-жігердің арқасында қызылша өсіру агротехникасының өзіндік тәсілін қалыптастырады. Осы тәсілінің арқасында 1945 жылы қант қызылшасының көрсеткішін анағұрлым көтереді. 1946 жылы - таға да біршама жоғарлатады. 1947 жылы қажырлы еңбектің арқасында 2 гектар жердің әр гектарынан 1033,5 центнерден, қызылша өсіруші Жантоқова Дариға орындаған рекордты өнімнен не бәрі 6,5 центнер кем өнім жинайды.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі "15 лет Казахской ССР" төс белгісі Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері