Кәріқорған ауылы — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округінің орталығы. Өткен ғасырдың басында бұл ауылдың тұрғындарының ауыз бірлігі, ынтымағы берік болып, оларды ауыл ақсақалдары басқарған екен. Олар жергілікті билік иелеріне барып, ауылдың мұң-мұқтажын жеткізіп, үстем тап зорлығынан елін қорғап, ауылда береке-бірлік орнатқан көрінеді. "Кәрілер - біздің қорғанымыз" дейді екен ауыл тұрғындары. Содан ауыл "Кәріқорған" аталып кеткен.
Кеңестік кезеңде бұл елді мекен "Казанка селосы" аталған. Мұнда бүкіл ауыл шаруашылық техникалары шоғырландырылып, Казанка МТС-і құрылып, ол ауданның күнбатыс бөлігіндегі ұжымдық шаруашылықтарға тракторшы-комбайншы мамандарын даярлайтын механизаторлар курсы жұмыс істейді. Казанка МТС-і Бурный МТС-інен кейінгі ең үлкен ауыл шаруашылық кәсіпорыны болған.
Кәріқорған ауылы Б.Момышұлы-Қошқарата автомобиль жолының бойына орналасқан. Тасбастау ауылына іргелес.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен581 574 98,8 305 292 95,7 276 282 102,2
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы елді мекендері