Талапты — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Ұлы Отан соғысынан кейін "Ескі қыстау" елді мекені маңындағы сай-жыралардың басына шашырай қоныстанған жұртшылық осы жерге жиналып, үй салып жаңа ауылдың іргесін қалайды. 1950 жылдары бұл ауылға "Талапты" деген атау берілді. Қазақстанның халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза осы өңірде дүниеге келген.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен657 630 95,9 340 335 98,5 317 295 93,1
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы елді мекендері