thumb|Авар тілінің таралуы Авар тілі — көбісі Дағыстанда, аздап солтүстік Әзірбайжанда, шығыс Грузияда тұратын авар халықының тілі. Кавказ тілдерінің дағыстан тобына жатады. Оңтүстік және солтүстік 2 наречиені құрайтын ацухс, карак, гид, андаль, закаталь, хузах, салатав т.б. диалектілері бар. Әдеби тілі солтүстік наречие негізінде қалыптасқан. Авар тілі - дауыссыздар жүйесі күрделі, көп септікті, эргатив конструкциялы тіл. Араб жазуына алғашқы талпыныс 15 ғасырдан басталса да, оны кеңірек қолдану 19 ғ-дың екінші жартысы мен 20-шы ғ-дың басында болды. 1927 ж. арабшадан латыншаға, 1938 ж. орыс графикасы негізіндегі жазуға көшті.
Авар алфавиты
А а Б б В в Г г Гъ гъ Гь гь ГӀ гӀ Д д Е е Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Къ къ Кь кь КӀ кӀ Л л Лъ лъ М м Н н О о П п Р р С с Т т ТӀ тӀ У у Ф ф Х х Хъ хъ Хь хь XӀ хӀ Ц ц ЦӀ цӏ Ч ч ЧӀ чӀ Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Ресей тілдері Санат:Дағыстан тілдері