Ақаба — суы ағып жатқан арық-атыз бен тоғанды байлағанда қалған сарқынды су. Ақаба суын арық арқылы ағызып, аумағы шағын егістіктерді суарады. Егер бұл суды дер кезінде пайдаланбаса, жерге сіңіп, буланып зая кетеді, немесе борсып шалшыққа айналады. Бұл атау Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында жиі қолданылады. Дереккөздер: Қазақ энциклопедиясы I том
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Ақаба · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.