Алжирдың мемлекеттік туы(, ) жасыл және ақ түсті екі бірдей тік жолақтардан және қызыл түсті жұлдыз бен жарты айдан құралады.Ақ түс тыныштықтың, жасыл түс табиғаттың әсемдігін, қызыл түс Алжир соғысында(1954-1962) қаза тапқан адамдарың канын білдірсе, ал жұлдыз және жарты ай Исламды көрсетеді

Ту 1962 жылдың 3 шілдесінде қабылданған болатын.1958–1962 жылдардағы қуғындағы Алжир үкіметінің туы да осыған ұқсас келді.

Тудың дизайны бір деректерде 19 ғасырда Абд әл-Қадыр қолданған жасыл және ақ түсті тік жолақтардан құралған тудан алынған болса, бір деректерде 16-19 ғасырлар аралығында Османдық Алжирдың ақ түсті жарты ай және жұлдыздан құралған қызыл тудан алынған.Тағы бір деректерде туды 1928 жылы ұлтшыл көшбасшы Мессали Хадж жасаған делінеді.

Алжир әскери-теңіз күштерінің туының сол жақ жоғарында ақ түсті айқасқан зәкір орналасқан.

Сыртқы сілтемелер

Санат:Мемлекеттік тулар